18 шілде 2017 22:24

Атырау тұрғыны шымкенттік жігіттің жұмыртқа пісіру экспериментін қайталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ыстыққа шыдамаған Атырау тұрғыны шымкенттік жігіттің жұмыртқа пісіру экспериментін қайталады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Ыстыққа шыдамаған Атырау тұрғыны шымкенттік жігіттің жұмыртқа пісіру экспериментін қайталады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ер адам ауа райының ыстық болуына байланысты, ашық жерде май құйылған табаға бірнеше секундтың ішінде жұмыртқа пісірген. "Атырауда ауа райы туралы не айтуға болады? Күннің ыстығына жұмыртқа пісіріп отырмыз. Ауа температурасы 40 градус, достар, 40! 42 болуы да мүмкін", - дейді видеоны түсіру кезінде. 

Синоптиктер мәліметінше, Атырауда аптап ыстық итағы үш күнге созылады. "18-21 шілде аралығында Атырау облысында ауа температурасы 35-40 градус болады, кей жерлерде 41-ге дейін көтеріледі. Қаланың өзінде 37-39 градус нөлден жоғары болады", - дейді "Қазгидромет" РМҚ облыстық филиалының басшысы Күлайна Мырзашева. 

Еске салайық, YouTube видеохостингінде видео жарияланды, онда Шымкент тұрғыны бірнеше секунттың ішінде 50 градустық ыстықта жұмыртқа пісірген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети