14 мамыр 2019 11:59

Атырау үйлерінің қабырғаларына Street-Art суреттер салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен Сурет Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен

Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәні оқытушылары облыс орталығын безендіруге үлес қосуды қолға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәні оқытушылары облыс орталығын безендіруге үлес қосуды қолға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқытушылар қаладағы тұрғын үйлердің қабырғаларына сурет салу туралы ойларын шаһар басшысы Алимұхаммед Құттұмұратұлына айтқан, қала әкімі өз кезегінде идеяға қолдау көрсетті. Сөйтіп, жобаны қаржыландыруға ниетті демеушілер де табылған.

"Алдымен облыс орталығындағы Балықшы ықшам ауданындағы тұрғын үйдің қабырғасына Жайық өзеніндегі суасты әлемінің, Махамбет Өтемісұлының портретін салдық. Ал қазір жастар жылына қатысты суреттерді ойластырып жатырмыз", - дейді суретші Мейірбек Жағыпашев.

Оқытушылар Авангард, Нұрсая, Вокзал маңы, Балықшы ықшамаудандарындағы үйлерге Құрманғазы, Дина, Бейбарыс секілді тұлғалардың street-art суреттерін салуды жоспарлап отырғандарын айтады. Суретшілер жобаға қолдау көрсеткісі келетін демеушілерді серіктестікке шақырады. Бір суретті салу үшін орта есеппен алғанда 10 күн кетеді. Ал сурет салу үшін арнайы баллондар қолданылады.

"Баллондағы бояулар суға төзімді, егер үй қабырғасы сенімді, ақауы жоқ болса, сурет те ұзақ уақыт тұрады. Бір суретке 100 баллон кетеді. Желсіз, ашық күндері жұмыс істеуге тырысамыз", - дейді суретші Мирас Жанғожиев.

Айта кетейік, Атыраудағы үйлерге сән беріп тұрған суреттерге тұрғындардың да көзқарастары жақсы. Суретшілердің жұмысы қиын болса да, тұрғындардың ықыластарына ие болғаннан кейін жаңа бейнелер жасауға қуана кірісетіндерін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети