Атырауда 700-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылады

30 Мамыр, 15:01
5
Атырауда 700-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылады - © Мой город
© Мой город

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік - жекеменшік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар Нұралиевтің хабарлауынша, өңірде мемлекеттік - жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жалпы сомасы 21,4 миллиард теңге бес жоба іске асып жатыр.

Облыстық мәслихаттың таяуда өткен сессиясында тағы 3 жоба мақұлданды: Құлсарының көшелерін жарықтандыру; Атырау қаласында бейне-фото тіркеу камераларын орнату; облыс орталығын кешенді көгалдандыру. Барлығы сегіз жоба, жалпы құны 38,7 миллиард теңге.

Сонымен қатар, А.Нұралиев МЖӘ іске асырудың проблемалық тұстарына да тоқталды. 2017 жылдан бері экономика басқармасы 60 жобаны талдап, жүзеге аспай қалған жобалар бар екенін айтты.

Спикердің айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі барлық МЖӘ жобаларын 3 категорияға бөлген. Біріншісі - жекеменшік әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын толықтай бюджеттен өтеу. Екіншісі - инвестицияларды бюджеттен ішінара өтеу. Үшіншісі - бюджеттен өтеу мүлдем болмайды, салынған инвестициялар көрсетілген қызметтер мен мемлекеттік тапсырыс есебінен қайтарылады.

Атырау облысындағы 8 жобаның жетеуі бірінші категорияға, біреуі екінші категорияға жатады. А.Нұралиев жергілікті инвесторларды, ауыл кәсіпкерлерін кеңірек тарту қажет екенін айтты және мысал ретінде осындай жұмыс жүріп жатқан Қызылорда облысын келтірді. Таяу арада басқарма мемлекеттік қызметшілерді МЖӘ тетігіне үйретеді.

Облыс әкімі жүзеге асып жатқан жобалардың маңыздылығын атап өтті.

"Жобалардың әлеуметтік тиімділігі айқын. Мәселен, фото-бейне тіркеу жобасын іске асыру жолда да, қоғамдық жерлерде де азаматтардың қауіпсіздігін күшейтеді, - деп есептейді өңір басшысы. - Қазір осы жоба бойынша бізде 759 камера іске қосылған. Тағы 774 дана камера орнату жоспарланып отыр, сондай-ақ, 51 жол қиылысы мен 153 жол учаскесі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын фото-бейне тіркеу камераларымен қамтамасыз етіледі.
Көшелерді жарықтандыру жобасы да маңызды, пайдалы. Бүгінде облыс орталығының жүздеген көшелері жарықтандырылған. Энергия үнемдеу технологиялары қолданылғандықтан, оларды пайдалануда бюжет қаражаты үнемделеді".

"Осы жұмысты жалғастыру, соның ішінде, үшінші категория бойынша іске асатын жобаларды көбейту қажет. Яғни, кәсіпкерлер өздері салған нысандар санын ұлғайтып, оларды мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ету керек", - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның баяндамасында МЖӘ арқылы үш жоба жүзеге асырылғаны айтылды: екі медициналық мекемені сенімді басқаруға беру және өкпе туберкулезін ерте диагностикалау бойынша іс-шаралар кешені.

Тағы үш жоба іске асырылу кезеңінде. Ал, 2023 жылға дейін 13,1 миллиард теңге сомаға оншақты жобаны іске асыру ұсынылып отыр: дәрігерлік амбулаториялар, ауруханалар, жас мамандарға арналған жатақхана, медицина колледжінің спорт кешенінің құрылысы, тағы басқалары.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай