13 маусым 2015 11:51

Атырауда бір бөлігі опырылып құлаған жатақхананың тұрғындары баспаналы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© News.gazeta.kz © News.gazeta.kz

Атырауда бір бөлігі опырылып құлаған отбасылық типтегі жатақхананың тұрғындары баспаналы болды, - деп хабарлайды "Мой Город".


Атырауда бір бөлігі опырылып құлаған отбасылық типтегі жатақхананың тұрғындары баспаналы болды, - деп хабарлайды "Мой Город".

Басылымның мәліметінше, тұрғындар "Нұрсая" ықшамауданындағы 9 қабатты үйге қоныстанған. Берілген пәтерлердің барлығы бір бөлмелі, ауданы 35 шаршы метр. Жаңа пәтерге ие болғандардың ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедектер де бар. Айта кетейік, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтауға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов келді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 31 мамырында Атырауда бес қабатты жатақхананың бір бөлігі опырылып құлаған болатын. Кейін Интернетте үйдің құлап жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Дер кезінде эвакуациялаудың нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар болмады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети