21 желтоқсан 2019 10:56

Атырауда Жайық өзенінен тағы өлі балықтар табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайық өзенінде тағы да балық өлімі тіркелді. Атыраулық тұрғын мұз астында өліп жатқан балықтардың видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір тиісті орган мамандарынан комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Astana TV хабарлады. 


Жайық өзенінде тағы да балық өлімі тіркелді. Атыраулық тұрғын мұз астында өліп жатқан балықтардың видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір тиісті орган мамандарынан комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Astana TV хабарлады. 

Әлеуметтік желіге тараған видео аймақтағы балық қорғаушыларды аяқтан тік тұрғызды. Арнайы комиссия құрылды. Әуесқой түсірілім Жайықтың Тұрғын үй қалашығы маңындағы жағалауда жасалған. Осы жерде Атырау мұнай өңдеу зауытының су айдайтын қондырғысы орналасқан. Мамандар 3 шақырым аумақты шолып шықты. Мұз астында қатқан 17 балықтың өлексесін шығарды. Оның 15-і қылышбалық, мөңке және табан балықтары.

Балық қорғау саласы өкілдері "су маржандары уланбаған" деп отыр.

"Мұз айдынында заңсыз салынған ау құралдарынан шығарылған деген ой бар. Себебі кейбір балықтардың қабыршақтары жоқ. Кейбір балықтарда сетканың іздері бар. Балықтардың сырты бірнеше уақыттан балшық болып тұрып қалған ешқандай қозғалыссыз", - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Арман Молдашев. 

Балық қорғаушылар 17 балық өлді дегенмен, осы аумақта жасалған тағы бір түсірілімде 50 шақты балық өлексесін көруге болады. Балық өлімінің себебін сараптама қорытындысы анықтамақ. Мамандар балық өлген аумақтан су сынамасын алды. Жиналған балықтар бірден зертханаға жіберілді.

Атыраулықтар осыдан 1 жыл бұрынғы жаппай балық қырылу дерегін ұмытқан жоқ. Ол кезде өңірдегі 118 тонна балық қырылып қалған болатын. Оның 108 тоннасы тауарлы бекіре өсіру зауыттарының өнімі еді. Қалғаны Жайық өзенінен табылған. Артынша Қылмыстық Кодекстің 3 бірдей бабымен іс қозғалып сотқа жетті. Бұл мәселе бойынша "Атырау су арнасы" мекемесінің сол кездегі басшылары жауап беріп жатыр. Соттың шешімі келесі апта шығуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети