31 наурыз 2019 17:22

Атырауда мектеп-интернат директорының кабинеті мен балалар палатасы салыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінен Сурет Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов тәрбиешілер тарапынан күш көрсету деректері анықталған психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернатқа барды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов тәрбиешілер тарапынан күш көрсету деректері анықталған психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернатқа барды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Серік Шапкенов қоғам өкілдерімен бірге мектеп-интернаттағы балалардың жағдайларын тексерді. Комиссия мүшелері балалардың палаталарын қарап, оқу-әдістемелік базамен, асхана мен медбөлімшенің жағдайымен танысты.

Комиссия мүшелерін тәрбиешілер тарапынан дұрыс бақылаудың жоқтығы, балалар жатқан палаталардың санитарлық нормаларға сай еместігі алаңдатты.

Мекеме директоры Рымбек Тұрдағалидың айтуынша, ол бұл лауазымға өткен жылы келген.

"Жауапкершіліктен жалтаруға бұл себеп емес. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы екі ай бұрын тағайындалды, мен де осы салаға жақыннан бері жетекшілік етемін, бірақ бұл бізден де, осы салаға бірнеше жылдан бері жетекшілік жасап отырған адамдардан да жауапкершілікті алып тастамайды. Барлығына шара қолданылады, ерекше балаларға тікелей жауапты басқарма басшысының орынбасарына сөгіс жарияланды, мұнымен де аяқталмайды, қызметтік тексеру қортындысымен барлық жауапты тұлғаларға қатысты шешім қабылданады, - деді Шапкенов. - Біз жағдайды жұртшылықтың ашық бақылауына шығарамыз - ҮЕҰ өкілдері әр интернатты қарап, біздің жұмысымызға бақылау жасайды. Сіздердің өткен жылы лауазымға тағайындалып, бірақ ешқандай шара қолданбағандарыңыз бәрін өз бетімен жібергендеріңізді көрсетеді. Әрекеттеріңізге баға беріледі".

Директордың кабинетінде бейне бақылау камерасы бар, сол арқылы балаларға қол көтеру деректері анықталған. Жағдайды мекеме қызметкерлері емес, прокуратура анықтады.

"Сіздің кабинетте отырып, қызметкерлеріңіздің балалармен қандай қарым-қатынаста екенін қарауға мұршаңыз болмады, - деді Серік Шапкенов. - Тіпті сіздің өзіңізге жасап отырған жағдайыңыз бен балалардың халін салыстыру арқылы көп нәрсеге көз жеткізуге болады. Егер балалар сіздің жұмыс орныңыздың жағдайындай жерде өмір сүрсе, бәрі басқаша болар еді. Бұл-жауапсыздық".

Облыста комиссия құрылды, құрамында білім беру, халықты әлеуметтік қолдау, қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, қаржы аудиторлары мен қоғам өкілдері бар. Комиссияға мүмкіндігі шектеулі, психоневрологиялық ауытқуы бар адамдар тұратын мекемелерді кез келген уақытта тексеруге құқық берілген. Комиссия жұмысының қортындысы бойынша жағдайды жақсартуға ұсыныстар беріледі.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары барлық кабинеттерге интернетке қосылған веб-камера орнатуға тапсырма берді, сол арқылы ата-аналар, комиссия мүшелері мен тексеруші органдар балалардың жағдайын тәулік бойы бақылай алады.

Бұған дейін хабарлағандай, интернатта ата-ана қамқорлығынсыз қалған 98 бала тәрбиеленеді. Прокуратура тексеруінен кейін тәрбиешілердің мүмкіндіктері шектеулі балаларға зәбір көрсетіп, қол жұмсау деректері анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети