29 тамыз 2016 14:24

Атырауда Самұрық пен Қазына үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самұрық пен Қазына/үйлену тойынан Самұрық пен Қазына/үйлену тойынан

Атырауда 27 жастағы Самұрық Ұзақбаев пен 29 жастағы Қазына Төремұратова некелерін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жас жұбайлар осы жылдың 15 тамызында отау құрған, ал тойлары 28 тамызда өткен.


Атырауда 27 жастағы Самұрық Ұзақбаев пен 29 жастағы Қазына Төремұратова некелерін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жас жұбайлар осы жылдың 15 тамызында отау құрған, ал тойлары 28 тамызда өткен.

Самұрық Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылының тумасы. Қазына Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейты ауылының тумасы.

"Мен өзімнің болашақ күйеуіммен жұмыста таныстым. Мен онда жұмыс істеп жатқаныма үш жылдай болды, ал оның осы жұмысқа орналасқанына бір жарым жыл болды. Біз жарты жылдай кездесіп жүрдік, содан кейін ол маған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады", - деді қалыңдық.

Айта кетейік, құжатта ер адамның аты Самрух деп жазылған, ал қыздың есімі Казина деп жазылған.

"Негізінде туу туралы куәлікті толтырған кезде қателесіп орысша жазыпты. Әжем менің есімімді - Қазына деп қойған. Ал, оның атасы есімін - Самұрық деп атаған", - дейді қыз.

Қазына Атырауда жігіттің ата-анасымен бірге тұратынын айта кетті.

Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік Қоғамы - әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы мен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылған.

Осыған орай "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік Қоғамының сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Айдар Махметов отау құрып отырған жастарды құттықтап өтті. 

"Самұрық-Қазына" қорының атынан жас жұбайлар Самұрық пен Қазынаны құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай символдық есімдері бар жастар күн сайын үйленіп жатқан жоқ. Самұрық пен Қазынаны үлгілі отбасы болсын деп тілейміз, балалары көп болсын, олар әке-шешесінің есімдері осындай болғанын мақтаныш тұтып, өздері де еліміздің мақтанышына айналсын. Самұрық пен Қазынаның болашақы бағытты, байқуатты болады деп сенемін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети