31 мамыр 2017 14:49

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасына боздақтардың ұрпақтары қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы мемориалдық тақтаға барып, гүш шоқтарын қойып, тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы мемориалдық тақтаға барып, гүш шоқтарын қойып, тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Боздақтарды аза тұтуға облыстық ардагерлер кеңесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мекеме, кәсіпорын және еңбек ұжымдарының қызметкерлері жиналды. Олардың қатарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары да болды.

Айта кетейік, қазір Атырау облысында саяси қуғынның зардабын шеккен 7 мыңнан астам адам тіркелген. Қазіргі таңда аймақта жазықсыз жапа шеккен 10 адамның ұрпағы өмір сүреді. Бүгінгі шараға зұлмат жылдарында қиянат көрген үш азаматтың балалары мен немере-шөберелері келді.

Жиында сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев рухани жаңғырудың Алаштың арыстарының қастерлі істерін құрметтеуде басты құндылық болуы қажет екенін айтты.

"Болашаққа бағдар беріп, қоғам өркениет көшіне ілесіп, дамуына ықпал жасайтын көкірегі ояу, көзі ашық зиялыларды арамыздан алып кетіп атып тастады, итжеккенге айдады. Жүзмыңдаған адам еліміздің жарқын болашағы жолында құрбан болды. Сол жылдары көптеген көрнекті қайраткерлер және өзге ұлттың өкілдері еріксіз Қазақстан жеріне ауып келді. Құшағы ашық кеңпейіл халқымыз оларды түріне, тіліне, дініне қарамай туысындай бауырына басты. Азаттық жолында құрбан болған азаматтарды еске сақтай отырып, әрқайсымызды ел дамуына аянбай қолдан келгенше қызмет атқаруға шақырамын", - деді облыс әкімі.


© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы Қазақстан бойынша 103 мыңға жуық азамат саяси қуғындалды. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. Сол кезде Қазақстанға жер ауып келген 1,5 миллион өзге ұлт өкілі атамекенімізде пана тауып, өркенін жайды. Тәуелсіз Қазақстанды өз туған жерім деп санайды.

1993 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңы қабылданды. Нұрсұлтан Әбішұлы 1997 жылды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп бекітіп, 31 мамыр оларды еске алу күні болып жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети