Ауа райы: 4 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қарлы боран соғады

03 Ақпан 2018, 15:53
0
Ауа райы: 4 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қарлы боран соғады - Tengrinews.kz мұрағатынан алынған сурет
Tengrinews.kz мұрағатынан алынған сурет

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 4 ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында ғана күн ашық болады, алайда кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді - секундына 24-29 метр. Ал, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

"Жамбыл облысында түнде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жел, бұрқасын болады, секундына 17-22 метр. Атырау облысының кей жерлерінде күндіз жел соғады - секундына 15-20 метр. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, Қарағанды облысында тұман мен бұрқасын күтіледі", - деп ескертті синоптиктер.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз жел соғады - секундына 15-20 метр.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, Маңғыстау облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысында күндіз жел күшейеді - секундына 15-20 метр. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, секундына 17-22 метрге дейін барады, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай