Ауа райы: Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады

14 Тамыз 2015, 16:56
1
Ауа райы: Алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 15-17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, суық атмосфералық фронт, шығыста Алматы облысының  тау және таулы аймақтарында қатты жаңбыр және ауа температурасының 7-12º дейін төмендеуіне әкелді.

"Қазақстанға жылжыған антициклон суық атмосфералық фронтты Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай тез ығыстырып жіберді. Бірақ оның, республика ауа-райына әсері ұзаққа бармайды.  Алдағы демалыс күндері батыс және солтүстік облыстырға суық атмосфера жылжып келіп, осы аудандарға найзағайлы жаңбыр, лепті жел әкеледі. Басқа аумақтар осы демалыс күндері жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жоғары температура мен көбінесе ашық ауа-райы аясында болады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында сел қаупіне байланысты ескерту жарияланғаны хабарланған болатын. "14-17 тамыз аралығында жаңбырдың күтілуіне байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар. Осыған орай Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына осы уақыта аралығында тауға шықпауға кеңес береді!", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай