Ауа райы: Алдағы демалыста күн салқындайды

07 Тамыз 2015, 15:15
0
Ауа райы: Алдағы демалыста күн салқындайды - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Алдағы демалыста күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Сібір мен солтүстік-батыс Қазақстанда тропосферада батыс ағындарының солтүстікке қарай ауысуы болды. Атмосфералық фронттардың солтүстік пен батыс арқылы өтуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде жаңбыр жауады.

"Демалыс күндері солтүстік пен батыста ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен болады және кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да ыстықтың беті қайтады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Метеорологтардың мәліметінше, өткен тәуліктерде оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы ауа температура көпжылдық орташа нормадан 5-10 градусқа жоғары болды. Алайда алдағы демалыс күндері ыстықтың беті қайтады, бірақ жауын-шашын күтілмейді, тек таулы аймақтарды өткінші жауын жауып, найғазай ойнауы ықтимал. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай