Ауа райы: Алдағы күндері бірқатар өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады

02 Шілде 2015, 09:47
0
Ауа райы: Алдағы күндері бірқатар өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады - © Vesti.kz
© Vesti.kz

Алдағы күндері бірқатар өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 4 шілдеге дейінгі ауа райы болжамын жария етті.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, жоғары барийлі жырамен байланысты суық атмосфералық фронттар Қазақстанның батысынан шығыс бағытына ауысады. Осы фронттарға байланысты найзағайлы өткінші жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады.

"Жақын арадағы үш тәулікте фронттың шығысқа жылжу шамасына қарай, барлық метеорологиялық құбылыстар республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында болады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, осы фронтпен Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа температурасы төмендейді", - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктердің Қазақстанда шілде айының ауа райы қандай болатынын айтқаны хабарланған еді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда шілденің бірінші онкүндігінде салқын, желді әрі жаңбырлы ауа райы күтіліп отыр. Ал ең салқын күндер алдағы демалыста болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай