28 наурыз 2016 11:42

Ауа райы: Алдағы күндері жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pagodavmire.ru © Pagodavmire.ru

Қазақстанда алдағы күндерде жаңбыр жауын-шашынды ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда алдағы күндерде жаңбыр жауын-шашынды ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанның ауа райын Жерорта теңізінің аудандарынан солтүстік-шығысқа қарай бағыт алған белсенді циклон анықтайды. Алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында циклонның әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, солтүстік облыстарда қар мен мұзтайғақ, ал түнгі және таңғы уақыттарда республиканың басым бөлігінде тұман болады", - делінген синоптиктердің хабарында.

Оңтүстік облыстардың таулы аудандарында 31 наурызда жаңбыр құяды. Ауа температурасы қыс маусымындағыдай климаттық нормадан 5-13 градусқа жоғары болады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети