Синоптиктер 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Алдағы үш тәуліктегі ауа райын республиканың батысынан ығысып келе жатқан циклон анықтайды, оның әсері Қазақстанның барлық территориясына тиеді", - дейді мамандар. Олардың айтуынша, жаңбыр жауып, жел күшейеді, батыста және солтүстік батыста күндізгі ауа температурасы 12-20 градусқа дейін түседі екен.
Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде солтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа қарай ығысып, мұнда да жаңбыр, ауа температурасы 20-26 градусқа тең болады. Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жазғы жылу сақталатын көрінеді.