02 наурыз 2016 12:25

Ауа райы: Алдағы үш тәулікте күн жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© forum.vgd.ru © forum.vgd.ru

Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" кәсіпорны 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" кәсіпорны 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, көктем мезгілі үшін атмосфералық процестердің жылдам өзгеріп отыруы қалыпты жағдай. Дәл сол құбылыс алдағы үш тәулікте байқалады.

"Қазақстан ауа райына Ресейдің еуропалық аумағындағы циклон әсер етеді, кейін антициклон және қайтадан циклон ықпал етіп, шығысқа қарай ығысады. Жауын-шашын мен суық күндер жауын-шашынсыз ауа райына жылдам ауысып, республиканың басым аумағында ауа температурасы жоғарылайды", - деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, еліміздің батысында орналасқан облыстарда таяу күндері алабұлтты және жауын-шашынды болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер наурызда ауа райының қандай болатынын айтты. Метеорологтардың болжамына қарағанда, Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети