Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ауа райы: Аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

25 Маусым 2015, 14:30
1
© timeskz.kz
© timeskz.kz

"Қазгидромет" аптап ыстыққа байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның мәліметінше, 26-28 маусымда Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады.

"Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін. ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне мына телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35, 51-42-22 немесе "112", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау тұрғындарының 50 градустық ыстықты сезінгені хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде Атырауда түсірілген сурет пайда болды, ол суреттен автосервистердің бірінде 54 градустың көрсеткенін байқауға болады. "Бұл өңір үшін жөнсіздік немесе аномалия емес. Бұл жақта көктем жаңбырлы болды және жаз бойы осындай ауа райы сақталады деп күтіліп отыр", - деп түсіндірді "Қазгидромет" кәсіпорнының маманы.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай