08 шілде 2018 16:54

Ауа райы: Бұршақ, дауыл және аптап ыстық

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" орталығының мәліметтері бойынша, ертең, 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болып, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сонымен қатар, метеорологтар 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, дүйсенбіде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ болуы да мүмкін. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстікте түнде және таңертең - тұман. 

"Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Сонымен қатар, бұршақ жауып, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, күшті жел күтіледі. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел, Қостанай облысында бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети