03 қазан 2014 10:59

Ауа райы: Демалыс күндері жаңбырдың соңы қарға ұласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алдағы демалыстарда Қазақстанның бірқатар аймағында күн салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.


Алдағы демалыстарда Қазақстанның бірқатар аймағында күн салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

"Қазанның 4-і күні түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 4 қазан күні Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады, батыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді", - делінген таратылған хабарламада.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Астанада 3-4 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. "4 қазан күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, 4-5 қазан күндері Алматы облысында жауын-шашын (жаңбырдың дымқыл қарға ұласуы) болады, батыстан секундына 17-22 метрге жететін күшті жел соғады, түнде ауа температурасы кей жерлерде 0-3 аязға дейін, күндіз 7-12 градус жылыға дейін төмендейді", - деп хабарлайды мамандар. 4-5 қазан күндері Қызылорда облысында да ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендемек.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2-4 қазан күндері Қазақстанда күннің күрт суытатыны хабарланған еді. Республиканың аумағының түгелге жуығында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласатыны ескертілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети