21 тамыз 2015 18:00

Ауа райы: Демалыс күндері шаңды боран мен температураның төмендеуі күтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы созылмалы аптап аяқталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 22-24 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Қазақстандағы созылмалы аптап аяқталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 22-24 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

"Бұл аптаптың жоғарғы деңгейін алматылықтар кеше сезінді. Максималды температура кеше 39, 2 градусқа жетті, бұл алдыңғы көрсеткіштен 3 градусқа төмен", - деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, Орал және Батыс Сібірдің солтүстігінен шыққан ылғалды салқын ауа демалыс күндері республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарына жетеді. Бұл жерлерде жаңбыр, найзағай болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды боран мен температураның төмендеуі күтіледі. Тау және таулы аймақтарда қатты нөсер болуы ықтимал. Алдағы үш күнде атмосферадағы солтүстік ағымдар сақталады. Сондықтан распубликаның көп бөлігінде жаңбыр және температураның көпжылдық салыстырмалы мөлшерінен 3-6 градус төмен болуы күтіледі. 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети