07 қыркүйек 2015 16:51

Ауа райы: Елімізде 38 градусқа дейін ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қыркүйектің 8-10 аралығында елімізде күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қыркүйектің 8-10 аралығында елімізде күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Жоғары барий жота батыс аумағы арқылы Қазақстанға Алдыңғы Азиядан келетін ыстық ауамен ақырындап шығыс бағытына қарай ауысып жатыр. Сонымен қатар, жылы және ыстық күндер респубиканың оңтүстігінде ғана емес, батысында, сондай-ақ, республиканың барлық аумағында күтіледі. Таяудағы үш тәулікте ең жоғары ауа температурасы 28-33 градус, кей жерлерде 34-38 градусқа дейін болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қыркүйек айында жылы болатыны хабарланған еді. Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети