12 қазан 2015 18:00

Ауа райы: Елімізде антициклонның әсерінен күн жылынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Елімізде антициклонның әсерінен күн жылынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Елімізде антициклонның әсерінен күн жылынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Балтық теңізінен антициклон ақырындап Қазақстан аумағына ығысады. Соның әсерінен күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

"Солтүстік, шығыс және орталық аумақтардағы күндізгі температура 0-5 градус, кей жерлерде 8 градус жылы болады. Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-13, кей жерлерінде 18 градустық жылы күндер күтіледі", - дейді метеорологтар.

Айта кетейік, тек солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық бөлінудің жүруіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын мен желдің күшеюі күтіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети