20 қаңтар 2016 17:23

Ауа райы: Елімізде таяу күндері қар жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Елімізде 21-23 қаңтарда қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.


Елімізде 21-23 қаңтарда қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, соңғы уақытта Қазақстан территориясында температуралық қарама-қайшылықтар болған. Батыста 19 қаңтарда климаттық нормадан 10-12 градус жылы болған, ал шығыста 8-12 градус шамадан тыс жылылық байқалған. Бұл республиканың шығыс бөлігіндегі ауа райына арктикалық аязы бар күшті антициклонның берген әсеріне байланысты. Батыс облыстарына болса үлкен жылылық қоры бар оңтүстік циклон әсер еткен.  

"Қыстың дәл ортасы болғанына қарамастан, оңтүстік жылу басым түседі. Таяудағы тәуліктерде жылы атмосфералық фронттар шығысқа қарай бет алады. Осыған байланысты ауа температурасы көтеріліп, қар жауып, секундына 15-20 метр болатын жел тұрып, күрделі метеорологиялық жағдайлар туындайды. алайда 21 қаңтарда орталықта және 21-22 қаңтарда аяз сақталады. Тек оңтүстік облыстарда ауа температурасы 3-5 градусқа жоғары әрі жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети