08 маусым 2016 13:17

Ауа райы: Еліміздің оңтүстігінде күн ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2016 жылдың 9-11 маусымына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылдың 9-11 маусымына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан облыстарының басым бөлігінде бүгінгі таңда температураның деңгейі 30-38 градусты ұстап тұр. Ал оңтүстікте 40-43 градусқа жететін болады. "Бұл - аптап ыстық алдыңғы Азия аудандарынан келетін тропосфералық оңтүстік-батыс ағысының әсерінен болып тұр. Сонымен қатар, батыстан ығысқан атмосфералық фронттар, республикамыздың батысы мен солтүстік шеткі аудандарының кей жерлерінде найзағайлы-өткінші жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, аптаптың бетін қайтаратын күйге әкеледі", - деп болжады "Қазгидромет" мамандары. 

Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалада 8-9 маусымда күннің ыстық болатынын хабарлаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети