07 қазан 2015 16:01

Ауа райы: Ираннан ауысқан циклон 33 градус ыстық әкеле жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© liveinternet.ru © liveinternet.ru

Синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде орнаған циклонға байланысты суық атмосфералық фронттар алдымен Қазақстанның батыс, содан кейін солтүстік және орталық облыстарына ауысатын болады, ол циклон өзімен бірге суық пен жаңбыр әкеледі, батыста түнде қар жауады.

"Тағы бір циклон Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасады және ол республиканың оңтүстік облыстары арқылы шығысқа ауысады. Циклонға байланысты осы аумаққа Иран аудандарынан жылы ауа келеді, ол оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температураның 25-33, шығыста 20-28 градусқа дейін көтерілуіне әкеп соғады. Жұма және сенбі күндері оңтүстікте, сенбі күні күндіз Қазақстанның шығысында осы циклонмен өткінші жаңбыр жаууы мүмкін", - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қазан айында ауа райының құбылмалы болатыны хабарланған еді. Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети