28 маусым 2015 20:48

Ауа райы: Қазақстанның бірқатар аймағында аптап ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанның бірқатар аймағында аптап ыстық болады. Республиканың алты облысында осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанның бірқатар аймағында аптап ыстық болады. Республиканың алты облысында осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Атырау облысында 29 маусымнан 1 шілдеге дейін аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы 40-43 градусқа дейін барады. Айта кетейік, осыған дейін бұл аймақта 50 градус ыстық сезілгені хабарланған болатын.

Ыстық ауа райы 30 маусым мен 2 шілде аралығында Маңғыстау облысында да күтіліп отыр. Бұл аймақта ауа температурасы 40-45 градус болады. Дәл осы аралықта Қызылорда облысында да күн ысып, 45 градус ыстық сезіледі.

Сонымен қатар, 30 маусым мен 1 шілде аралығында Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің мәліметінше, 29 маусымда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Жамбыл, Атырау және Қостанай облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр болады. Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнауы мүмкін. Маңғыстау облысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық сақталады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети