Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ауа райы: Солтүстік өңірлерде қарға ұласатын жаңбыр жауады

18 Қыркүйек 2015, 14:22
0
© ruconnect.co.uk
© ruconnect.co.uk

Еліміздің солтүстік өңірлерінде қарға ұласатын жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері, синоптиктердің болжамына қарағанда, Қазақстан аумағында  жаңбыр, екпінді жел, тұман және көп жылғы орташа мәннен төмен температурамен нағыз күзгі ауа-райы күтіледі. Солтүстік облыстарда дүйсенбі күні түнде жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

Синоптиктер осындай ауа-райының Солтүстік Оралда қалыптасатын және Қазақстанға оңтүстік-шығыс бағытында жылжитын суық арктикалық фронттармен байланысатынын хабарлап отыр. "Ал республиканың батыс облыстарына жоғары барийлі жота ауысады, батыс перифериялары бойынша Алдыңғы Азия аудандарынан жылы ауа келеді. Мұнда қалған аумаққа қарағанда жылы, және ыстық ауа-райы жауын-шашынсыз, нағыз қоңыр күз болады деп күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Осыған дейін Қазақстанда қыркүйек айында жылы болатыны болжанған еді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай