1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ауа райы: Солтүстікте жауын-шашынсыз, оңтүстікте қар, тұман және тайғақ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алдағы күндері солтүстікте жауын-шашынсыз, оңтүстікте қар, тұман және тайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, еліміздің оңтүстігінде ауа райын Қазақстан аумағына жақындаған антициклон анықтайтын болады. Нормадан жоғары ауа температурасымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республиканың солтүстік жартысы мен батысы Оңтүстік Орал және Батыс Сібір арқылы көшкен, циклонға байланысты атмосфералық фронттардың аймағында тұр. Мұнда сулы қар түріндегі жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман, тайғақ және көпжылдық орташа мәнге жақын ауа температурасы күтіледі", - делінген хабарламада.