12 тамыз 2015 17:55

Ауа райы: Таяу күндері бұршақ жауып, жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда таяу күндері күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Қазақстанда таяу күндері күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, циклондар мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы Алтайға қарай ығысып барады. Соның әсерінен республикамыздың көптеген облыстарында циклонмен бірге жаңбыр, найзағай, әр жерлерде бұршақ, қатты ұйтқыма жел мен ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр.

"13 тамызда оңтүстік, 14-15 тамызда оңтүстік-шығыс облыстары суық атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан бұл жерлерде де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар тамыз айының екінші онкүндігінде елімізде күннің суытатынын ескерткен болатын. "Ай бойы салқын ауа райы бірінші және екінші онкүндіктің соңында және үшінші декаданың ортасында күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері. 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети