20 қазан 2015 09:59

Ауа райы: Таяуда Қазақстанның басым аумағында күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pw5.ddns.info © pw5.ddns.info

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым аумағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.


Алдағы үш күнде Қазақстанның басым аумағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақта күн суытып қана қоймай, жел күшейіп, жауын-шашынды болады, батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр қарға ұласып, таңға қарай тұман түседі.

"Түнде солтүстік өңірлерде 0-5 градус жылыдан 3-11 градус аязға дейінгі аралықта ауа райы өзгеріп отырады. Ал оңтүстіктің кей жерлерінде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз батыста -3+8 аралығында, солтүстік, шығыс және орталықта -5+2, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 2-13 градус аралығында жылы болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады, бірақ қаңтар айында нормадан 1-2 градусқа суық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети