Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ауа райы: Таяудағы үш күнде қар жауады

23 Желтоқсан 2014, 09:55
0
©REUTERS
©REUTERS

Қазақстанда 22 мен 24 желтоқсан аралығында қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанға келген атлантикалық жылу сібір антициклонының бұзылуына және республикада демалыс күндері ауа температурасының жылы болуы көп жылдан бергі орта деңгейден 5-12 градусқа жоғары болуына себеп болды. Атлантикадан жеткен ауа массаларында ылғал мен жылу мөлшері көп. Осылардан алдағы үш күнде көпшілік облыстарда жауын-шашынды болады, қар жауады, солтүстік облыстарда кей жерлерде жел тұрады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-23 метр болады", - деді синоптиктер.

Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндізгі ауа температурасы жайлы және шамамен 0 градус болғандықтан, республиканың барлық дерлік аймағында тұман мен көктайғақ сақталады. Еске сала кетейік, бұған дейін осы қыста Қазақстанда ауа райы өткен жылмен салыстырғанда аязды болатыны хабарланған еді. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай