Ауа райы: Үш облыста жаңбырдың арты қарға ұласады

13 Қазан 2015, 15:14
0
Ауа райы: Үш облыста жаңбырдың арты қарға ұласады - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Үсікке байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

14 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын түсіп, жаңбырдың арты қарға айналады. Сонымен қатар, түнгі ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр, түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 1-6 градус суық, күндіз 7-12 градус, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

"15-16 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жауын жауып, 15 қазан күні түнде таулы аймақтарда жаңбырдың арты қарға айналады. Түнде 2-7 градус жылы, кей жерлерде 3 градус суық болады, ал күндіз 8-13, кей жерлерде 16 градус жылы болады", - дейді синоптиктер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай