Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ауа райы: Үш облыста найзағайлы жаңбыр жауады

22 Маусым 2015, 11:44
1
© gorod-uspeha.com
© gorod-uspeha.com

Қазақстанның бірқатар аймағында алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Таяу Шығыстан Қазақстан аумағына келіп жатқан ыстық ауа әлі де бәсеңдеген жоқ. Сондықтан республика бойынша ауа температурасы нормадан 3-10 градусқа жоғары болып тұр.

"Республиканың барлығына дерлік аумағында аптап ыстықтың болуына қарамастан, алдағы үш тәулікте батыс, оңтүстік және шығыста найзағайлы жаңбыр жауады ал ауа температурасында ешқандай өзгеріс болмайды", - дейді метеорологтар.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай