Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Аудан әкімі 13 млн теңгеге көлік сатып алмақшы

13 Сәуір 2014, 15:14
0
Қамысты ауданының әкімі Жаңабай Бисімбаев. ©Kostanayagro.kz
Қамысты ауданының әкімі Жаңабай Бисімбаев. ©Kostanayagro.kz

Қостанай облысындағы Қамысты ауданының әкімі Жаңабай Бисімбаев 13 млн теңгеге жуық қаржыға Land Cruiser Prado қызметтік көлігін сатып алады, - деп хабарлайды жергілікті "Наша газета" басылымы.

Қамысты ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Ибрагим Бекмұхамедов қымбат көлікті сатып алудың себебін түсіндірді. "Қазіргі уақытта аудан әкімі 2007 жылы сатып алынған Toyota маркалы автокөлік - седанды мініп жүр. Егер сіз Қамысты ауданында болсаңыз, білесіз - Денисов ауданымен арадағы шекараны кесіп өткеннен кейін ойқы-шойқы жерлер басталады. Седанның пластик бампері үнемі сынып қалады, қымбат жөндеу жасатуға тура келеді. Сондықтан толық жетек режиміндегі автокөлікке тоқтадық. Сән-салтанат үшін емес. Біз люкс санатындағы автокөлікті емес, элегант көлік сатып аламыз", - деді Бекмұхамедов.

Басылымның мәліметінше, Қамысты ауданы әкімі аппаратының жол талғамайтын "Ниваны" сатып алғысы жоқ, себебі ол "аудан әкімінің деңгейі үшін аса жайлы емес".

"2014 жылдан бастап, Кеден одағы аумағында өндірілетін автокөліктерді сатып алуға болатыны бізге белгілі. Toyota маркалы автокөлік РФ аумағында құрастырылады. Бұл бренд айтарлықтай беделге ие. Машина сенімді, сапалы, бағасы да соған сай. Әкімге Қостанайға жиі баруға тура келеді - айына 2-3 рет, облыс орталығына дейінгі жолдың жағдайы сын көтермейді. Әкім әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қатарына ауыстырылғанымен, бірқатар себеппен саяси тұлға болып қала береді. Ауданның бірінші тұлғасының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болуы керек. Prado қауіпсіздіктің барлық талабына жауап береді. Әкім оны өз жекеменшігіне алмайды. Басқа әкім келсе, ол да осы көлікпен жүретін болады", - дейді аудан әкімі аппаратының жетекшісі.

Еске сала кетейік, жуырда Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерге отандық автокөліктерді мінуді тапсырған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай