02 қараша 2015 12:13

Әуе қорғанысы күштерінде кенеттен тексеру өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл 31 қазанда әуе нысаналарын айқындау, басып алу бойынша Әуе қорғанысы күштерінің кезекші күштері мен құралдарының әзірлігі мен қабілеттілігінің жай-күйін кенеттен тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшақтар (оқу нысаналары) Әуе қорғанысы күштеріне белгісіз берілген бағдарлар бойынша еліміздің әр нүктесінен ұшып шықты. Әуе қорғанысы күштеріне оларды басып алу және шартты жою жөнінде уақтылы анықтау және шаралар қабылдау тапсырмасы берілді.

"Кенеттен тексеру барысында тактикалық-жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, ӘҚК-нің бөлімшелерін дабыл бойынша көтерумен іс-қимылдарды пысықтауға ерекше көңіл бөлінді. Тосыннан тексерілуге МиГ-31 жойғышының экипаждары, Ми-17-нің 2 тікұшағы мен ТЛ-2000-ның 3 ұшу аппараты, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдері, бөлімшелері және Әскери-әуе күштерінің экипаждары тартылды. Нәтижелері бойынша кенеттен тексеріске қатысқан кезекші күштердің іс-қимылдары талқыға салынады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети