08 сәуір 2015 11:20

Ауған министрі Астананы көргісі келетінін мәлімдеді - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өміртай Бітімов пен Салахуддин Раббани. © ҚР СІМ баспасөз қызметі Өміртай Бітімов пен Салахуддин Раббани. © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Ауғанстан Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Астананы көргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы министр Салахуддин Раббани Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасындағы елшісі Өміртай Бітімовпен кездесуі барысында айтты.


Ауғанстан Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Астананы көргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы министр Салахуддин Раббани Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасындағы елшісі Өміртай Бітімовпен кездесуі барысында айтты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу ауған жаңа үкіметінің мүшелерімен жұмыс байланыстарды орнату, сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастардың жақын болашақтағы даму мәселелерін талқылау мақсатында өтті. Кездесу барысында ауған министрі Қазақстанға алғаш рет 1999 жылғы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысқан әкесі Ауғанстанның бұрынғы президенті, лаңкестер қолынан қаза тапқан Бурхануддин Раббанимен бірге келгенін айтты. Сондай-ақ, сол сапарда Алматыдан үлкен әсер алғанын, ал енді, көпке жақсы танымал Қазақстанның жаңа Елордасы - Астананы көргісі келетінін мәлімдеді. 

Сонымен қатар, сұхбат барысында екі ел Сыртқы істер министрлігінің басшылығы арасындағы Кабул қаласында алдағы саяси консультациялардың, Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының кезекті 7-ші отырысының және Ауғанстан президентінің елімізге сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

"Раббани мемлекетімізді Орта Азиядағы маңызды әріптесі әрі достас және бауырлас ел ретінде қарастыратынын айтты. Қазақстан дамуының үлкен жетістіктерін және Республика басшысы Назарбаевтың рөлін айрықша атап отырып, Раббани тұрақты түрде мұқтаждық көріп отырған ауған халқына көрсетілетін ізгілік көмек үшін ҚР Үкіметіне ризашылығын білдірілді. Мемлекеттік білім бағдарламасының жалғастырылуына және елімізде ауған ұлттық кадрларын даярлауының ұзартылуына мүдделігін білдірді. Аталған бағдарлама шеңберінде қазақстандық жоғары оқу орындарында 2010 жылдан бастап мыңға жуық ауған азаматы даярланып жүр", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети