05 ақпан 2014 17:39

Ауғанстан соғысына арналған көрме ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрмеге ауғаныстан ардагерлерінің деректі материалдары және фотосуреттері қойылды.Фото ©Нұрғиса Елеубеков Көрмеге ауғаныстан ардагерлерінің деректі материалдары және фотосуреттері қойылды.Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Биылғы жылдың ақпан айында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толады. Осы орайда ҚР Мемлекеттік мұражайында "Жан жарасына айналған Ауғанстан" атты көрме ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көрменің ресми ашылуына М.Қалматаев, Владимир Усталов, Сергей Пашевич секілді Ауғанстан соғысының ардагерлері, генерал-майор Р.Қайдаров, генерал-майор С.Тауланов, Ауғанстандағы соғыстың және шағын шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Мұхатрұлы қатысты. "Бізге соғысқа барасың! деген бұйрық берілді. Қарсы келместен Ауғанстанға аттандық. Соғыстың азабы мен тозағын көрсек те, кім үшін, не үшін соғысамыз, соғыс кімге қандай пайда әкеледі дегенді ойлауға да мұршамыз болмады" дейді ардагерлер. Иә, Ауғанстан Кеңес одағына ешбір абырой, даңқ әпермеді. Тек біздің боздақтарымыз секілді қаншама жауынгер құрбан болды, олардың туыстары мен жақындарына қаншама қасірет әкелді бұл соғыс. Тіпті 1989 жылы 15 ақпанда кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін де тұтқынға түскен жауынгерлердің тағдыры не болғаны белгісіз. Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге келген ардагерлердің әңгімесі, тарихи деректер кез келген мемлекет үшін осы қантөгісті соғыстың игілік әпермейтінін алға тартады. Экспозицияға Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және от кешкен соғыста аман қалған қазақстандық жауынгерлердің деректі материалдары, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері, хаттары, куәліктері қойылған. Дерек КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша, Ауғанстанда КСРО бойынша 620 мыңға жуық адам соғысқа қатысса, оның 22 мыңы қазақстандық жауынгерлер. Қақтығыстар кезінде барлығы 15526 адам қаза болса, соның 924-і қазақстандықтар. Соғыс кезінде 333 адам із-түссіз жоғалған, олардың 21-і қазақстандық. Ауғанстандағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ішінде 86 жауынгер батылдығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети