29 желтоқсан 2014 12:29

Аусылға байланысты тыйым салынған облыстардан Ресейге ет қайта экспорттала бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанның бұрын аусылға байланысты тыйым салынған облыстарынан Ресейге ет қайта экспорттала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның бұрын аусылға байланысты тыйым салынған облыстарынан Ресейге ет қайта экспорттала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2014 жылдың 19 желтоқсанында Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қазақстанға қатысты аусыл бойынша таза аймақ деген қорытынды берген. Сөйтіп, Қазақстан 2014 жылы 12 мың тоннаға жуық ет және ет өнімдерін экспорттады. 

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Қазақстанда Кеден одағы шеңберінде мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарынан республиканың басқа облыстарына және Ресейге мал шаруашылығы өнімін тасымалдауға осы уақытқа дейін тыйым салынған болатын. 2014 жылдың тамызында Ресейдің құзырлы органы Шығыс Қазақстан облысындағы шектеуді алып, Ресей Федерациясына мал өнімдерін шығаруға рұқсат берді.

Министрліктің мәлімдемесі бойынша, қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қытай және Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысының төрт ауылдық округі мен Алматы облысының бес ауылдық округін қоспағанда бұрын шектеу қойылған аймақтардан Ресейге ет экспорттауға келісті.

Айта кетейік, Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесін ресми түрде әлі алған жоқ, бірақ сол мәртебені алу үшін халықаралық эпизоотиялық бюросына екі өтінім берді. Халықаралық сарапшылар осы мәселеге байланысты құжаттарды қарағаннан кейін 2015 жылдың мамырында бюроның кезекті Ассамблеясында Қазақстанға аусылдан таза аймақ мәртебесі берілуі мүмкін. 

Еске сала кетейік, жыл басында "ҚазАгро" басшысы Дулат Айтжанов Ресей Қазақстанның етіне қызығушылық танытып отыр деп мәлімдеген болатын. "Сыртқы нарық бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау "ҚазАгро" холдингінің жобасы бойынша іске асуда. Мәселен, ет өнімдерін сатып алуда қазақстандық өнімге сұраныс деңгейі артып келеді. Кеден одағына мүше Ресейге былтыр біздің елден 1 400 тонна ет экспортталды. Оның ішінде, Мәскеу қаласының тұрғындары Қазақстаннан жеткізілген етке қызығушылық танытады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети