13 тамыз 2016 14:10

Ауыл шаруашылығы министрлігі жер заңнамасын жетілдіру жұмысын бұдан әрі жалғастыруы керек - Жерком

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия отырысында Комиссия мүшелерімен қабылданған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарды ҚР Парламентіне енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде, мұның Елбасының әу бастағы тапсырмасының заңды жалғасы екендігі айтылды. Осы қатарда Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар міндеттемелер артылды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормаларын да жарияланған мораторийге қосу жұмыстарын атқарсын", – делінді жиын барысында. Яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігі Комиссия қабылдаған шешімдерді заң талаптарына сәйкес рәсімдеп, ҚР Парламентіне енгізу жұмыстарын ұйымдастырып, бұдан әріде жер заңнамасын жетілдіру жұмысын жалғастыруы керек.

Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормаларын да жарияланған мораторийге қосу жұмыстарын атқару керектігі атап өтілді.

Айта кетейік, бүгінге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети