20 қараша 2014 19:11

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарағандыда нан бағасы өскенін жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ria.ru сайтынан Фото ria.ru сайтынан

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қарағандыда нан бағасы қымбаттады" деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қарағандыда нан бағасы қымбаттады" деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Бауыржан Асановтың мәлімдеуінше, қаладағы әлеуметтік нан бағасы өзгермеген. "Қарағандыда әлеуметтік нан қымбаттаған жоқ. Ол қалай 45 теңге болып тұрды, әлі солай тұр. Кейбір дүкендерде тіпті бір бөлке нан 43 теңгеден сатылады", - дейді Асанов.

Аталған ведомствоның деректері бойынша, бұл ақпаратты "ҚазАгроМаркетинг" АҚ-да құптайды. Олар "нан бағасы бұрынғы деңгейінде қалды - бидай нанының бір келісі 79-86 теңге аралығында, қара бидай ұнының бір келісі орташа есеппен 165,5 теңге", - деп хабарлады.

Бұған дейін Қарағандыда нан бағасы бірден 30 пайызға көтеріліп, бір бөлке нан 60 теңгеге жетті деген ақпарат тараған. Әлеуметтік нан дотациялық ұннан пісіріліп жатыр, оны 10-нан астам наубайхана алады, - деп айтылған. Әрі қала билігі кеңес өткізіп, наубайхана қожайындарын бұрынғы бағаға оралуға шақырды деп хабарланған. Кәсіпкерлер екі ай бойы дотация алмағандарын, шығынға батып жұмыс жасап жатқандарын айтып сендірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети