Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ауылды тілсіз жаудан қорғай алмай отырмыз

17 Наурыз 2014, 13:01
0
Фото dezinfo.net сайтынан
Фото dezinfo.net сайтынан
Бүгінгі таңда біз барлық ауылдарды өрттен қорғай алмаймыз. Себебі Қазақстанда өрт қауіпсіздігі жүйесімен 7 мыңға жуық елді мекеннің тек 272-сін ғана қамтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде ауылдық жерлердің 90 пайызында өртке қарсы қорғанысы жоқ. Ал өрт сөндіру қызметтеріне тиесілі деполардың 65 пайызын 40 жылдан бері пайдаланып келеді. Соның бір бөлігі апатты жағдайда тұр", - деді бүгін Бас прокуратурада өткен арнайы кеңесте А.Дауылбаев. Оның хабарлауынша, қазіргі өрт қауіпсіздігі жүйесі тек 272 елді мекенді ғана қамтиды. Ал ондай мекендердің жалпы саны 6 мың 989-ға дейін жетеді.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко болса, 40 жылдық тарихы бар өрт сөндіру деполары әлі де біраз уақыт жұмыс істей алады деп санайды. "Себебі ондай нысандарды қолдану мерзімі 50-60 жылды құрап отыр. Алайда қазір 21 депоның апаттық жағдайда тұрғанын мойындау қажет. Олардың барлығын жаңартқан жөн", - дейді В.Божко.

Ал прокурорлық тексерістерге сәйкес, соңғы үш жылдың (2011-2013) ішінде елімізде 1,5 мыңға жуық адам өрт салдарынан ажал құшты. Олардың ішінде 174-і - сәби.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай