14 наурыз 2014 12:11

Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Республикалық жолдарда жалқы білігіне түсетін күші 8 тоннадан асатын автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Бұл шектеу биылғы жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды ауданы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады. Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуірге аралығында енгізіледі", - делінген хабарламада. Мамандардың мәліметінше, енді біліктер арасындағы қашықтық ұзындығы 1,3-1,8 см болғанда екі доңғалақты автокөлік құралының қосарланған біліктері үшін жоғарғы шек 13,2 тонна болады, ал үшеуі біріктірілген бір доңғалақты біліктер үшін 18 тонна болады. "Мұндай шектеулер жолдарда жыл сайын енгізіліп тұратыны мәлім. Мұндай тәжірибе Қазақстанның ауа райына ұқсас елдерде қолданылады. Көктемдегі су тасқыны кезеңінде жол жамылғысының ылғалдануы себебінен автомобиль жолдары ауыр жүкті көлік құралының жүктемесі алдында қорғансыз және оларды қосымша қорғау қажет", - деп атап өтті ҚР ККМ Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев. Уақытша шектеу қою кезеңінде автокөлік құралдарының біліктеріне түсетін салмақтарының рұқсат етілген шамасын мына жерден қарауға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети