01 наурыз 2014 16:09

Автокөлік спорттық мансабымда берілген ең үлкен сыйлық болды - Денис Тен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Айжан Тугельбаева© Фото Айжан Тугельбаева©

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматының әкімінен алған Chevrоlet Cruze автокөлігін өзінің спорттық мансабындағы ең үлкен сыйлығы екенін жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. "Ахметжан Смағұлұлына сыйлаған көлігі үшін үлкен алғысымды айтамын, бұл мен үшін берілген ең үлкен сыйлық болды",- дейді Денис Тен. Спортшы жаттығу мен түрлі жарыстардан әрдайым сапарда болатынын жеткізді, бірақ енді үйінде және өзінің жаңа автокөлігінің рөлінде көбірек болуға уәде берді. Сонымен бірге Денис Тен көлікте өзінің отбасымен бірге жүретінін айтты. "Біз өте қарапайым өмір сүреміз, енді бізде жаңа көлік бар, әсіресе бұған әкем қатты қуанды",- дейді мәнерлеп сырғанаушы. Еске сала кетейік, 20 жастағы Денис Тен Сочидегі қысқы олимпиада кезінде мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иеленген болатын. Бұл марапат Қазақстан үшін 2014 жылғы Олимпиададағы жалғыз сыйымыз болды. Алматыға келгеннен кейін спортшы қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесті. Қала басшысы оған Chevrоlet Cruze автокөлігінің кілтінтабыс етті. Айта кетейік, Денис Теннің басты жетістіктерінің арасында Сочидегі "қола" жүлдесінен бөлек, Азия ойындарының "алтынын" және 2013 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатында "күміс" жүлдеге ие болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети