09 қыркүйек 2015 16:17

Автоүйімен сапарға шыққан қазақстандық депутат премьер-министрге хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Автоүйімен Қазақстанды аралап шыққан Мәжілісмен Мейрам Бегентаев ішкі туризм мен жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жағдайына қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Автоүйімен Қазақстанды аралап шыққан Мәжілісмен Мейрам Бегентаев ішкі туризм мен жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жағдайына қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


© Facebook

"Қазақстан туризмнің әлемдік картасында белгіленбеген десе де болады. Бүкіләлемдік экономикалық форумның туризм және саяхат саласындағы бәсекеге қабілеттілік бойынша соңғы рейтингіне сәйкес, Республика 141 елдің арасында 85-орында, ол Әзірбайжан, Грузия, Ресей Федерациясы сияқты елдерден төмен тұр. Сонымен қатар, рейтинг өлшемдерінің бірі бойынша, яғни авто және теміржол жолдары мен порттардың болуын және олардың жайлылық, қауіпсіздік пен модальдық өткізу қабілетінің халықаралық стандарттарға сай болуын анықтайтын "жердегі және борттық инфрақұрылымның дамушылығында" Қазақстан 102-орында, Ресей, Армения, Иран және Грузиядан кейінгі орында тұр", - деді Бегентаев Мәжілістің кеңейтілген отырысы барысында.


© Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Оны сауал жолдауға жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жағдайы итермелепті, депутаттың айтуынша, ол туризм дамуында белсенді роль атқарады. Оның көзқарасы бойынша, жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту мәселесі көлік дәлізі Батыс Еуропа - Батыс Қытай, сонымен қатар, "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі автожол құрылысына байланысты өте өзекті болып отыр.

Сонымен қатар, депутат өз сауалында аумағын халықаралық көлік дәлізі басып өтетін кейбір облыстарда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл) жол бойында қызмет көрсететін нысандардың (жанармай құю бекеттері, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану нысандары мен мотельдер/кемпингтер) басым екенін мәлімдеді.

Оның мәліметінше, жол бойында қызмет көрсету нысандарын ашу динамикасы бойынша қалған аймақтарға жүргізілген талдау жақсы нәтиже көрсетпеген. Сонымен қатар, ол нысандардың басым бөлігінде жолаушы туристерге арналған санитарлы-тұрмыстық жағдайдың төмен екенін хабарлады.

"Жол бойындағы қызмет көрсететін нысандар мен олардың қызметіне қойылатын талаптар жөніндегі ұлттық стандарт 2014 жылы қазанда бекітіліп, 2015 жылы шілдеде заңды күшіне енді. Алайда бұл стандартты жаңа нысандарға енгізу мәселесі әлі күнге белгісіз болып отыр, себебі оны қолдану регламенті жоқ және бірыңғай оператор анықталмаған", - деп мәлімдеді депутат және ол премьер-министрден ұлттық стандартты қазіргі бар және жаңа нысандарға енгізу бойынша қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы мәліметті сұрады.

Еске сала кетейік, биыл жазда мәжілісмен Бегентаев өзінің отбасымен бірге автоүйімен Қазақстанды аралады. Ол өзінің басынан өткен оқиғаларын және алған әсерлерін Facebook әлеуметтік желісі арқылы жиі бөлісіп отырды.


© Facebook

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети