20 мамыр 2019 17:52

Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аян Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаменті басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Аян Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаменті басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызметтік этиканы бұзғаны үшін А. С. Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

"Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп жазған еді Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Осыған дейін, ІІМ өкілдері Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Онда көрсетілген дереккөз мәліметінше, Атырау облыстық полиция басшысы сыйлыққа тұлпар алып жатқаны түсірілген. Видеода Атырау облысы ПД басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсас ер адам қол шапалақтаумен атқа мінеді. ІІМ қызметтік тергеу бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети