Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде сабақтар тоқтатылды

26 Қаңтар 2015, 11:40
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Дүйсенбі күні, 26 қаңтарда Астанада аязға байланысты мектептерде және колледждердің төменгі курстарында сабақтар болмайды. Бұл туралы 24.kz телеарнасы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

“Білім беру басқармасының шешімімен, ауа температурасының төмен болуына байланысты мектептің 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші ауысыммен оқитын 1-2 курстардың сабақтар өтілмейді”, - делінген хабарламада.

Ал Шығыс Қазақстан облысында және Павлодарда 26 қаңтар күні мектеп оқушылары үшін сабақтар болмайды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметше, ауа температурасының 29 градустан 41 градусқа дейін төмендеуі себепті Семей, Риддер, Өскемен, Курчатов қалалары мен Аягөз, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Қатон-Қарағай, Үлкен Нарын аудандарында 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар өтпейтін болды.

Павлодарда 26 қаңтарда ауа температурасы 35 градусқа дейін түсіп кетті, желдің жылдамдығы секундына 2 метрге жетті. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды. Еске сала кетейік, Павлодар облысында аяздан барлық бағытта автокөліктің барлық түріне автожолдар жабылған еді.

Айта кетейік, “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының болжамынша, 26 қаңтарда түнде Астана қаласында ауа температурасы 31-32 градус Цельсийге дейін төмендеді. Күндіз ауа температурасы - 21-23 градус нольден төмен.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы шыққан бұйрығына сәйкес, егер ауа температурасы 25 градустан төмендесе және желдің жылдамдығы секундына 2 метрден асса, 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмауы керек. 1-9 сынып оқушылары термометр 27 градус аязды көрсетсе мектепке бармайды, ал жоғары сынып оқушылары далада ауа температурасы 30 градус аяз болса ғана сабаққа бармайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай