12 желтоқсан 2017 17:25

Айдар Әріпханов "Бәйтерек" холдингінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне жаңа төраға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне жаңа төраға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді "Бәйтерек" холдингін Айдар Әріпханов басқаратын болады. Ол осыған дейін төраға орынбасары қызметінде болған еді.

Айдар Әріпханов 1974 жылдың 28 қарашасында дүниеге келген.

ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры, "Қазатомөнеркәсіп" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылғы қарашадан бастап ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында болды.

Айдар Арифханов Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын аяқтаған, 2008 жылы "Болашақ" президенттік бағдарламасы шеңберінде Колумбия университетін тәмамдап, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін (МРА) және 2006 жылы Лондон бизнес мектебінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін (МВА) алған.

Айта кетейік, осыған дейін "Бәйтерек" холдингін Ерболат Досаев басқарған еді. 2017 жылдың тамызында ол премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети