14 тамыз 2018 09:29

"Әйелім алданып қалды" - АҚШ-та ұсталған қазақстандық азаматшаның күйеуі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фуркат Абраров және Диора Аширова. © ktk.kz Фуркат Абраров және Диора Аширова. © ktk.kz

Америкада алаяқтық жасады деген күдікке іліккен қазақстандық үш келіншектің бірі елден шықпау туралы міндеттеме бойынша босатылды. Бұл туралы Қазақстан азаматшасының күйеуі КТК телеарнасына айтып берді. 


Америкада алаяқтық жасады деген күдікке іліккен қазақстандық үш келіншектің бірі елден шықпау туралы міндеттеме бойынша босатылды. Бұл туралы Қазақстан азаматшасының күйеуі КТК телеарнасына айтып берді. 

Фуркат Абраров пен Диора Аширова Штаттарға 2012 жылы келген. Америкада ол техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істеген, ал әйелі пәтер жинаушы болған. Кейін дімкәс әкесін қарау үшін ер адам Қазақстанға оралған. 

Фуркат жарының ірі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын жаңалықтардан білген. Бірақ жолдасымен әлі күнге дейін хабарласа алмапты, себебі әйел үй қамауында отыр, оған туыстарымен сөйлесуге тыйым салынған. Енді ер адам АҚШ-қа баратын мүмкіндік қарастырып жүр, ол балаларының тағдырына алаңдайды. 

"Әйелім алданып қалды. Естуімше, Азиза Диораға қосымша жұмыс ұсынған. Көшелерге жарнама қағазын іліп шықсаң болды деген. Ақысын да төлейтін болған. Бұған оның әзірбайжандық күйеуінің де қатысы бар. Қазір әйеліммен хабарласа алмай отырмын", - дейді Абраров. 

Енді Фуркат еліміздің Сыртқы істер министрлігіне барып, виза ашуға көмек сұрамақ. Бала-шағамды алып келемін дейді.

Айта кетейік, "АҚШ-та алаяқтық жолмен көлік сатты" деген күдікпен ТМД елдерінен шыққан 25 адам қамауға алынған. Үшеуі қазақстандық. Есімдері: Диора Аширова, Елена Кудайбергенова және Азиза Джалолова. Азизаның күйеуі де күдіктілердің тізіміне еніп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети