02 шілде 2019 19:00

Айгүл Шайымова қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айгүл Шайымова. Фото:shymkent.gov.kz Айгүл Шайымова. Фото:shymkent.gov.kz

Айгүл Шайымова Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігін Анар Жайылғанова басқарса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болып Алик Шпекбаев тағайындалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети