25 қаңтар 2016 17:31

Айзада Авлатарованы тапқан әскеридің шені өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іле ауданы Жетіген кентінде жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарованы табуға үлкен септігін тигізген 5571 әскери бөлімінің офицері, әскери жасақ бастығы Рустам Сердалиновқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен берілген кезектен тыс "аға лейтенант" әскери шені берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Оны "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Әлібек Серәлиев салтанатты түрде табыс етті. 

"Мен үшін басты мақсат - Отаныма қалтқысыз адал қызмет ету, өзім осы Ұлттық ұлан қатарында сарбаз, одан келісімшарт бойынша әскери қызметші бола жүріп, офицерлік лауазымға дейін көтерілдім, бұл маған командирлер мен бастықтардың үлкен сенім артуы деп білемін. Бүгін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қолынан кезектен тыс «аға лейтенант» әскери шенін алдым, бұл мен үшін үлкен мәртебе, бұдан кейін де қызметтік-жауынгерлік міндеттерімді абыроймен атқаруға, ел сенімін ақтауға сөз беремін", - деді Рустам ағынан жарылып.

Айта кетейік, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 25 қаңтар күні Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінің клубында үздік қарауыл бастықтары мен жауынгерлік даярлықта үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметкерлерді ұлықтауға арналған салтанатты кеш болып өтті.

 Іс-шара барысында Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Әлібек Серәлиев және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Геннадий Фалеев қайсар да өжет іс-әрекеттерімен қызмет бабында көзге түсіп ерекшеленген әскери қызметшілерді "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" және "Бауыржан Момышұлы - батыр шапағаты" кеуде белгілерімен марапаттады. Кеш соңында үздік әскери қызметшілерге арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, іс-шара әуелеген ән мен әсем биге ұласты.

© "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети