14 мамыр 2014 15:42

Азаматтардың сауаттылығын арттыру үшін диктант жаздыру керек - Алмас Тұртаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Тұртаев. Фото Іnform.kz Алмас Тұртаев. Фото Іnform.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырсында депутат Алмас Тұртаев ұсыныс айтып, Үкіметке сауал жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырсында депутат Алмас Тұртаев ұсыныс айтып, Үкіметке сауал жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған үшбу хатында халық қалаулысы Алмас Тұртаев жалпы ұлттық шараны қолға алуды сұрады.

"Тілдің өміршеңдігі жалпы ұлттық мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Жазу сауаттылығы ойымызды өз деңгейінде жеткізетін күнделікті өмірдегі маңызды құрал және азаматтық интеллектуалды деңгейдің көрсеткіші. Өкінішке қарай қазір жастарымыздың арасында жазу мәдениетінің төмен деңгейі байқалып қалады. Мұны әлеуметтік желілерде немесе жеке жазу барысында аңғарып жүрміз. Тыныс белгілерді былай қойғанда, кейбір сөздерді құлаққа қалай естілсе солай жазып, түсініксіз жаңа сөздер пайда болған. Мұндай келеңсіздіктің алдын алуды парызымыз деп білемін", - деді ол.

Алмас Тұртаевтың айтуынша, адамдардың қаншалықты сауатты екендіктерін байқау үшін сондай-ақ, білімін одан әрі жетілдіруге деген ынтасын күшейтуге бағытталған халықаралық жаппай диктант шарасы бір уақытта әлемнің 45 елінде нәтижелі өткізіліп келеді. Бұл шараға ұлтына, дініне, жасына, тұрмыстық жағдайына қарамастан өз еркімен түрлі адамдар, оқушылар, студенттер, шенеуніктен бастап зейнеткерге дейін қатысып, өздерінің сауатын сынап, деңгейлерін көтеруде. Осылайша бұл шара өз елін, тілін сыйлайтын миллиондаған адамдар үшін дәстүрге айналып, жыл сайын дамып келе жатыр екен. 

"Мәселен, жаппай диктант жазу 2010 жылы Ресейдің ең үздік қоғамдық жобасы ретінде танылып, қоғамдық байланыстарды дамытудағы ұлттық сыйлықты иеленген. Сондай-ақ, Ресейде әр түрлі ұлттардың тілінде жалпы ұлттық диктанттар өтіп тұрады. Белоруссияда 2007 жылдың ақпанынан бастап халықаралық ана тілі күнінде жалпы ұлттық диктант жазуды мемлекеттік тілде жүргізіп келе жатыр. Сондай-ақ, мұндай акциялар Польша, Франция, Украина, Қытай және АҚШ-та кең тараған. Жаппай диктант жазу бұл сауаттылық мәселесіне және сауатты хат жазу мәдениетіне назар аударуға шақыратын жыл сайынғы білім акциясы. Акцияның мәні тілек білдірушілердің барлығына бірдей өз еркімен ақысыз диктант жазғызу", - деді А.Тұртаев өз сауалында.

Мұның басты мақсаты - адамдарды олардың қаншалықты сауатты екендігі туралы ойландыру және оны арттыру үшін ынталандыру болып табылады. Жаппай диктант жазу мәдениеттен шыққан стереотипті бұзуға және сауаттылықты үйретуге шақырады дейді депутат. Сонымен қатар, бұл акция отансүйгіштікке тәрбиелеу элементтерінің бірі ретінде әрбір азаматымыздың өз болашағына қажетті өте пайдалы шара болып есептеледі. Мысалы, Ресейде жаппай диктанттың тақырыбы "Отанды сүю" деп аталған көрінеді. Яғни, қоғамдық сананың маңызды бөлігі ретінде отаншылдықты бағалау, қоғамның мемлекеттік рухани негіздерінің дамуының алғышарты ретінде қарастырылған.

"Ақ жол" партиясы еліміздің мемлекеттік тілінде, азаматтарымыздың өзіне жақын тілінде жаппай диктант шарасын "Мәңгілік ел" ұлттық идеясының тақырыбында шығарма жазу түрінде ұйымдастырып, өткізуді және оған жауаптыларды бекітіп, бұл шараны барлық қалада, елдімекендердегі барлық деңгейдегі оқу орындарында қамтып, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп ықпал жасауларыңызды сұраймыз", - деді Алмас Ұзақұлы.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети